Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО тұрғынынан 200 литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді

СҚО Мамлют ауданының полицейлері кәсіпкерлікпен айналысқан аудан орталығының тұрғынынан 200 литрге жуық алкоголь өнімін тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның үйінен арақ-шарап өнімдері, коньяк, сыра, ақ қайнар табылды. Мұның бәрін ол лицензиясыз сатқаны, одан басқа кез келген уақытта алкоголь сатып алуға болатыны анықталды.

– «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мамлют ауданының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері үй-үйді аралау барысында рұқсат құжаттарынсыз алкоголь сату фактісін анықтады. Алынған алкоголь өнімі 192 литр, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 463-бабы (тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналып, сотқа жіберілді.

10-14 маусым аралығында өткен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан 270 литрден астам алкоголь тәркіледі. Алкоголь өнімдерін сату жөніндегі ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін 16 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру