СҚО жолдарында екі күнде жол жүрісі қағидаларының 514 бұзушылығы анықталды
СҚО жолдарында екі күнде жол жүрісі қағидаларының 514 бұзушылығы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері «Абайлаңыз – балалар!» атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші күнінде Петропавл орталығында және қала сыртындағы жолдарда болды.
Велосипедтер, самокаттар, гироскутерлер – Петропавлдың жаяу жүргіншілері жүретін басты көшеде жастар арасында кеңінен пайдаланылатын көліктердің барлығын кездестіруге болады. Бұл күні патрульдік полицейлер жол қозалысының ең кішкентай қатысушыларын назарға алды. Офицерлер қыдырып жүрген бүлдіршіндерге жарық шағылдыратын ленталар таратты, сондай-ақ ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Негізгі ұсынымдар қарапайым: бағдаршамның түсіне жолды дұрыс қиып өту, жаяу жүргінші жолағымен өткен кездің өзінде міндетте түрде жан-жаққа қарап алып бірақ өту, белгіленбеген жерлерден жолды кесіп өтпеу. Велосипед рөлінде отырғанда құлаққапты қолдануға болмайды. Жол жүрісі ережесі бойынша жолақтан велосипедпен өтуге болмайды.
Жадынамалар, парақшалар мен буклеттер тарату жұмысы қала сыртындағы жолдарда жүргізілуде. Нысанада – ересек жүргізушілер; әкелер мен аталар. Патрульдік полицейлер жүргізушілерден үйлеріне оралған соң балаларымен, көршілерімен, таныстарымен әңгімелесулерін сұрайды.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, «Абайлаңыз – балалар!» іс-шарасының басты мақсаты – мектеп оқушыларының жазғы демалысы қарсаңында балалар жол-көлік жарақатының алдын алу.
Үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарымен қатар, бұл күндері Жол жүрісі ережесін өрескел бұзушылықтарының алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді. Екі күн ішінде облыс жолдарында түрлі 514 бұзушылықтар анықталды. Үшкүндік «Абайлаңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы 14 мамырда мәресіне жетеді.