Степногорск қаласында ер адам шаруа қожалығынан қосалқы бөлшектер ұрлап кетті
Степногорск қаласында ер адам шаруа қожалығынан қосалқы бөлшектер ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсанда Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 36 жастағы жергілікті тұрғын ұрлық туралы өтініш білдірді. Ер адам 2 желтоқсанға қараған түні белгісіз тұлғалар шаруа қожалығы базасының үй-жайындағы терезеге зақым келтіру арқылы К-700 тракторы мен КамАЗ жүк көлігінің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шығын сомасы 1 млн 866 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 24 жастағы жақын маңдағы ауылдардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны болып шықты.
Бұл факті ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.