Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында ер адам жалға алынған велосипедті кепілге қалдырып, телефон сатып алды

Степногорск қаласында ер адам жалға алынған велосипедті кепілге қалдырып, телефон сатып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмолалық полицейлері алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Степногорск қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 24 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті.
Ер адам ұялы телефондарды жөндеу және сату бойынша сауда нүктесінде оған белгісіз адам кепілге велосипедін қалдырып, «Samsung А-20» маркалы ұялы телефонды алдап алып кеткен, клиент кеткеннен кейін осы велосипед жалға алынғаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықталды. Ол 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Аталған факті бойынша 190-баптың 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру