Степногорск тұрғыны мүгедек ағасының есепшотынан ақша шешіп алды
Степногорск тұрғыны мүгедек ағасының есепшотынан ақша шешіп алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына 35 жастағы жергілікті тұрғын 1 қарашадан 3 желтоқсанға дейінгі кезеңде белгісіз тұлға ағасының банк картасын ұрлап, одан 105 500 теңге сомасында ақша шешіп алынғаны туралы арызданды.
Карта иесі екінші топтағы мүгедек, ауруханалардың бірінде емделуде болған екен. Медициналық мекемеден шыққаннан кейін ол жәрдемақыны алғысы келген, алайда банк шотта ақшаның жоқ екендігін хабарлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Степногорск қаласының 29 жастағы тұрғыны ағасының картасының pin-кодын біліп, оны пайдаланып, ақшаны алып, жұмсағанын мойындады. Банк картасы тәркіленіп алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.