Степногорск тұрғыны сұлулық салонын өртемек болды
Степногорск тұрғыны сұлулық салонын өртемек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 желтоқсанда Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арыз берді. Әйел желтоқсан айының басында белгілісіз ер адам қаланың сұлулық салондарының бірін өртемек болғанын айтты.
Оқиға болған жерді тексергеннен кейін полиция қызметкерлері 24-баптың 1-бөлігі, 202-баптың 2-бөлігі (Мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті анықталды, ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу жалғасуда.