Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Стоматолог түрмеге смартфон кіргізбек болды

Стоматолог шұлығының ішіне жасырып, түрмеге смартфон кіргізбек болды,  – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесінің ОВ 156/2 қатаң тәртіптегі түрмесіне стоматолог дәрігері сол жақ аяғының шұлығына жасырып, жазасын өтеп жатқан сотталғанға ұялы телефон кіргізбек болды.

Мекеме қызметкерлері ОВ 156/2 мекемесінің медициналық бөлімінде стоматолог дәрігері болып жұмыс істейтін азаматты, мекемеге кіру барысында, тексеру бөлмесіде сол жақ аяғындағы шұлығының ішінен Samsung J 2″ маркалы смартфон телефонын тәркіледі.
Аталған факті бойынша, аталған азаматты әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 481-бабы 1-бөлімі бойынша құжаттары жиналды.
Айта кетсек, мекеме аумағына кіру барысында барлық келушілер мекеме қызметкерлерімен сотталушыларға пайдалануға тыйым салынған заттар табылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді. Алайда, ескертуге қарамастан тыйым салынған заттарды түрлі айламен кіргізуге тырысады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру