Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Stop-алаяқтық” іс шарасы: полиция алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктіні ұстады

Астанада “Stop-алаяқтық” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет-алаяқтық фактілерінің көбеюіне байланысты елорда аумағында “Stop-алаяқтық” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Полиция департаменті қала әкімдігімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ескерту сипатындағы материалдарды жаппай таратуды ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру және интернеттегі алаяқтардың қолданатын әдістері мен тәсілдері туралы хабардар ету. Жыл басынан бері қала аумағында 3900-ден астам интернет-алаяқтық дерегі тіркелген.

Осылайша, іс-шара барысында полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысып жүрген күдіктіні ұстады. Павлодар қаласының тұрғыны жиһаздарды сату бойынша жалған бизнес ұйымдастырған. 30 жастағы қыз “OLX” сайтына тұрмыстық заттардың арзандатылған бағамен сатылатыны туралы хабарландырулар орналастырды. Қызығушылық танытқан азаматтарға ол мобильді банкинг арқылы 5 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі шағын алдын ала төлем жасауды талап еткен. Қазіргі таңда полицияға 10-ға жуық алданған азамат жүгінген, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері азаматтардан туыстары, достары, көршілері мен әріптестері арасында ескерту материалдарын таратуға белсенді қатысуды сұрайды.

– Сақ болыңыздар, қырағылық танытыңыздар, жеке және банктік мәліметтеріңізді, SMS-хабарламалардың мазмұнын ешкімге бермеңіз, күмәнді сатушылардан тауарлар мен қызметтерді сатып алмаңыз, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз. Есіңізде болсын, сіздің жеке жинақтарыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда, – деп атап өтті полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру