Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Студенттер Қостанай кинология орталығына барды

Студенттер Қостанай кинология орталығына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Экономика және құқық институты «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін Қостанай кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды.

Полицейлер білім алушыларды кинологтардың қызметтік міндеттерімен таныстырып, олардың көмекшілері-қызметтік иттер мекен ететін қоршауды көрсетті. Иттердерді күтіп баптау және үйрету ережелері туралы айтылды.

Қостанай кинология орталығында 13 кинолог неміс, белгиялық және лабрадор тұқымды 29 төрт аяқтыны жаттықтырады. Қазір күні «Reks», «Graf», «Djim», «Tesla» секілді иттер қызмет атқаруда. Олардың негізгі қызметтеріне күдіктіні ұстау, есірткі және жарылғыш заттар мен із-түссіз жоғалған азаматтарды іздеу жатады.

Экскурсия студенттер үшін өте қызықты әрі танымды өтті. Кинолог мамандар оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жануарлардың жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Кездесу соңында қызметтік-іздестіру иттерінің түрлі жаттығулары көрсетілді.

– Экскурсиядан ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күйге бөлендік. Кинология – полиция қызметіндегі ең маңызды сала. Себебі қызметтік иттер түрлі қылмыстың бетін ашуды жеңілдетіп, қылмыскерді қолға тез түсіруге септігін тигізеді. Дайындықтан өткен иттер арқылы жоғалған адамды, есірткі және жарылғыш заттарды жедел табуға болады. Бүгінгі осы жайлы толығырақ білдім. Бізге осындай мүмкіндік берген Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Кинология қызметі орталығының қызметкерлеріне рақмет, – деп ҚӨУ студенті Аяжан Сейтманова полицейлерге өз алғысын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру