Стюардесса болып жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданды
Стюардесса болып жұмысқа орналаспақ болған астаналық тұрғын алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны алаятық іс-әрекеттердің құрбаны болғанын айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адам жұмысқа орналастырып беремін деген сылтаумен оның 150 мың теңгесін иемденген.
Астана қаласы полиция департаментінің Нұра ауданы ПБ полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы жігітті анықтады.
Тергеу барысында анықталғандай, күдікті жәбірленушіге белгілі әуе компаниясының қызметкері екенін айтып, оған стюардесса болып жұмысқа орналастыруға көмегін ұсынған. Өзінің көмегі үшін ақша алып, кейін әр түрлі сылтаулар айтып, байланысқа шықпай қойған.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.