Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су айдындарындағы жазатайым оқиғаларды алдын алу туралы брифинг өтті

Атырау облысында өрт қауіпті және суға шомылу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тақырыбында брифинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өрт қауіпті және суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік» тақырыбында брифинг өтті, спикер ретінде Атырау облысы ТЖД ЗЗҚА және АҚСББ басқармасының басшысы Ринат Құрманғалиева және жедел-құтқару жасағының басшысы Самат Құмашев сөз сөйледі.

Өз баяндамасында Самат Ғалымжанұлы биыл жылдың басынан бері су айдындарында тіркелген жазатайым оқиғалар туралы статистиканы айтты, ол бүгінгі күні 10 адамды құрайды, оның үшеуі балалар.

Сондай-ақ, ол облыстың су айдындарында, оның ішінде жағажайларда адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Жедел-құтқару жасағы күнделікті көпшілік демалатын орындарда, суда және суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтау ережелерін түсіндіру бойынша алдын алу іс-шараларын өткізетіндігін айтты.

Сонымен қатар, Полиция департаментімен бірлесіп, жаппай демалу орындары мен су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша 50 рейдтік іс-шара өткізіліп, 205 буклет пен жадынама табыс етілді.

Ринат Өтебайұлы жыл басынан бері облыс бойынша 93 өрттіркелгенін және бұл 2019 жылға қарағанда 7% – ға аз, осы кезеңде 2019 жылы 100 өрт тіркелгенін айтты. Зардап шеккендер бес адам және екі адам қаза тапты. Тіркелген өрттердің 47% – дан астамы тұрғын секторда, ал қалған 34% – ы автокөліктерде тіркелген. Қазіргі уақытта өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігінің алдын алу
мақсатында жергілікті әкімдіктер, орман мекемелері өкілдерімен бірлесіп халық
арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ол тұрғын үй секторында болып жатқан өрттердің негізгі себептеріне тұрғындардың отпен абайсыздығы, пештерді, тұрмыстық газ құрылғыларын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу екендігін атап өтті.

Брифинг соңында спикерлердің әрқайсысы жазатайым оқиғаларды қалай болдырмау және төтенше жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы өз ұсыныстарын берді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру