Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су алатын аппараттан ақша ұрлаған елордалық құрықталды

Су алатын аппараттан ақша ұрлаған елордалық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада белгісіз ер адам қаладағы үйлердің бірінде орнатылған су сататын аппараттан ұрлық жасаған. Ер адам түнгі уақытты пайдаланып, темір кескіштің көмегімен автоматтың құлыбын бұзып, шамамен 50 мың теңге ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Байқоңыр ауданы ПБ қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 39 жастағы ер адам болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында болған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру