Су полициясы ауруханаға жеткізу керек 9 айлық сәбиді қайықпен тасымалдады
Су полициясы ауруханаға жеткізу керек 9 айлық сәбиді қайықпен тасымалдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының тұрғыны мен 9 айлық сәбиін су полициясы қайықпен Миялы ауылына жеткізді.
35 жастағы ер адам ерекше сәбиін қаладағы ауруханаға жеткізу керегін айтқан. Полицейлер сәби мен ата-анасын медициналық көмек алу үшін облыс орталығындағы ауруханаға жеткізетін көлікке дейін қайықпен тасымалдады.