Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Су тасқыны: Тепличное ауылындағы әр көше полиция бақылауында

Солтүстік Қазақстан облысы Тепличное ауылындағы әр көше полиция бақылауында, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл маңындағы Тепличное ауылы су тасқынына байланысты қауіпті учаскелердің бірі. Мұнда құтқарушылармен бірге 50 полиция қызметкері екі ауысыммен тәулік бойы кезекшілік атқаруда. 5 автопатруль, 2 автобус және вахталық көлік дайын күйде тұр.

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Бұл – бөгетті нығайтуға тартылған ауыр техниканың көптігін ескерсек, өте өзекті мәселе.

Ауылдың кейбір тұрғындары уақытша көшірілген. Құқық қорғау органдары олардың мүлкінің қауіпсіздігін тәулік бойы қадағалап отыр.

Қажет болған жағдайда, төтенше жағдай қызметкерлері ауылда қалған тұрғындарды қауіпсіз жерге дереу эвакуациялауға дайын. Полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен үнемі байланыста, шұғыл көшуге дайын болу қажеттігін түсіндіруде.

Әр көшеге тәжірибелі полицейлер бекітілген. Олар арнайы құрылған чаттары арқылы тұрғындармен күндіз де, түнде де байланыс ұстап отыр.

29 сәуір кешіндегі жағдай бойынша Тепличное ауылындағы ахуал тұрақты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру