Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суға шомылу маусымына дайындық басталды

Қостанай облысында суға шомылу маусымы кезеңінде су айдынында профилактикалық іс-шаралар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«ҚР ІІМ ТЖК Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел – құтқару жасағының құтқарушылары Қостанай көлік прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы және Қостанай облысы бойынша аңшылар мен балықшылар қоғамы қызметкерлерімен бірлесіп, жүзу құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасының сақталмауын анықтау үшін рейд жүргізді. Осы рейд барысында құтқару жилеті жоқ жүзу құралдарындағы тәртіп бұзушылар анықталып, инспекция қызметкерлері балық аулау әуесқойларымен хаттама толтырылып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осындай сипаттағы бірлескен іс-шаралар су айдындарындағы жазатайым оқиғаларды айтарлықтай төмендетеді және адамдарды жеке құтқару құралдарын пайдалануға үйретеді.

Күн сайын құтқарушылар суға шомылуға рұқсат етілмеген орындар бойынша алдын алу рейдтік іс – шараларын жүзеге асырады, оның барысында демалушы тұрғындармен түсіндіру-профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, «Судағы қауіпсіздік» жадынамалар мен парақшалар таратылады.

Бүгінгі күні шомылу маусымына дайындық басталғаннан бері жасақ 98 рейд жүргізді, оның ішінде ЖПҚ – үш рейд, КБИ – бір рейд.

Осы іс-шараларды өткізу барысында 150 адам ескертілді, оның ішінде 75 бала. Балалар үлкендердің қарауынсыз үйге жіберіледі. 322 әңгіме жүргізілді, 507 адамға нұсқау берілді, оның ішінде 69 бала. Судағы қауіпсіздік шаралары туралы мәлімет бар, 256 парақшалар мен жадынамалар таратылды.

Суға шомылу маусымы кезінде адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру