Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суицидке бейім сотталғандармен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді

Қызылорда облысының ЗК-169/5 мекемесінде жеке құрам қызметкерлеріне «ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші сотталғандар арасында  өз-өзіне қол жұмсауға, дене жарақатын салуға және ас қабылдаудан бас тартуға бейім азаматтармен жұмыс жасау» тақырыбында жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиынды ашқан ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмыстары  бойынша тобының бас маманы С.Сейдахметов,  соңғы жылдары қоғамға айықпас дерт болып жабысқан ғылыми атауы «суицид» деп аталатын адамның өзін-өзіне қол жұмсауы бүгінгі күннің аса өзекті мәселесіне айналып отыр.

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті сотталғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,  жылы шырай танытып, ішкі жан дүниесін түсіну қажет. Сонымен қатар сотталғандармен  тұрақты түрде тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жүргізу қажет екенін баса айтты. Жиынды қорытындылай келе, қызметкерлерге сотталғандармен қарым-қатынас жасау тәртібі, іс-әрекеттері туралы «қалталық» жаднамалар таратылып, күнделікті қызметте пайдалану және үнемі қызметте өзімен бірге болу тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру