Супермаркетте зейнеткердің заттарын ұрлап кеткен қарағандылық ұсталды
Супермаркетте зейнеткердің заттарын қолды қылған қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 57 жастағы зейнеткер хабарласып, супермаркеттердің бірінде сақтау камерасына қалдырған пакеті жоғалғаны туралы айтып шағымданды. Пакетте ұялы телефон, құжаттар, пәтердің кілттері болған. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.