Супермаркеттен қымбат телефон ұрлаған қызылордалық ұсталды
Супермаркеттен қымбат телефон ұрлаған қызылордалық ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
5 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының "102" жедел арнасына 59 жастағы қала тұрғынының арызы келіп түсті.
Жәбірленушінің айтуынша, қала аумағында орналасқан ірі супермаркеттердің бірінде үстелдің үстінде тұрған "Iphone-12" маркалы ұялы телефоны ұрланған. Келтірілген шығын - 400 мың теңге.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған 36 жастағы қала тұрғынын ұстады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.