Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сурет байқауы ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай полиция қызметкерлері балаларының арасында “Елімнің еркіндігі-тәуелсіздік” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқаудың ұйымдастырушысы Ақтау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны болып табылады.

Іс-шара  өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуға, балалардың Отанға деген патриоттық сезімін дамытуға, тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыруға бағытталған.

Балалар өз суреттерінде “Бәйтерек” монументін, “Алтын адам” ескерткішін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін бейнеледі. Балалардың туындылары біздің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты көрсете білді.

– Сурет байқауына қатысқан барлық балаға үлкен алғысымды білдіремін. Әрқайсысыңыз дарынды әрі талантты баласыздар, жұмыстарыңыз да керемет, – деді Ақтау қаласы ПБ батальонының командирі Ғазиз Түркменбаев.

Байқау соңында сурет байқауына қатысқан барлық балаға сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру