Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суреттер көрмесі ұйымдастырылды

Алматы облысының Полиция департаментінде Тұңғыш Президент күніне орай суреттер көрмесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының Полиция департаментінің ғимаратында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орайластырылған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Елбасының суреттері, оның туған жерінің көріністері, оқыған және қызмет атқарған орындарында түсірілген фотолар қойылды.

– Бүгінгі көрме жас қызметкерлерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл жерде Елбасының тұлғасын кеңінен ашатын, оның тәуелсіз еліміздің дамуына қосқан сүбелі үлесінен сыр шертетін суреттер қойылды. Көрмені тамашалауға облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен қатар, жақын орналасқан аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жас қызметкерлері шақырылды. Оларға мемлекетіміздің даму жолындағы тұңғыш Президент рөлі туралы ақпарат берілді, – деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Ораз Жолдасов.

Жас қызметкерлер Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысында туғанын мақтан тұтатындарын жеткізді. Елбасының өмірімен жете танысқан олар еңбек пен табандылық, асқақ арман биіктерді бағындыруға мүмкіндік беретіні туралы ой түйді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру