Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу, оны болдырмау шараларын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ұдайы негізде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың жеті айында полиция қызметкерлеріне пара ұсынудың жеті дерегі тіркеліп, орын алған деректер бойынша департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен жеке тұлғаларға қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабының (Пара беру) 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп, олар бойынша заңды шешімдер қабылданған.

Сонымен қатар, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлерімен нысанды киім кию ережесін, кәсіби этика кодексінің ережелерін бұзу деректерін анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтер жүргізіледі. Бұл бағытта жыл басынан бері 76 рейдтік іс-шара өткізілді.

Осы орайда, қызметтік міндеттерін адал атқарып, сыбайлас жемқорлықтың жолын кескен Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне Өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшылығы департамент бастығының марапаттарын табыстады.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру