Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыйлықтар тарту етілді

Павлодар облысының полицейлері  Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін келе жатқан мерекемен құттықтап, балаларға сыйлықтар апарды.

Тәртіп сақшылары балаларға тәтті сыйлықтармен қатар, үстел ойындарын, сондай-ақ коньки, клюшка, шана, тюбинг сияқты қысқы ойын-сауық пен спорт түрлеріне арналған атрибуттар сыйлады. 

Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов балаларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Орталық ұжымына алғысын білдірді.

– Сіздерге мейірімділіктеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Балалар -біздің болашағымыз, Отанымыздың болашағы. Жаңа жыл қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Балаларға бақытты және уайымсыз балалық шақ, оқуда сәттілік пен жарқын болашақ тілеймін, – ол.

Қазіргі уақытта орталықта қараусыз және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 31 бала тұрады.

– Сіздердің тұрақты қолдауларыныңыз маңызды. Бүгін балалардың бос уақытын ұйымдастыру, балаларды дамыту үшін қажетті көптеген сыйлықтар әкелдіңіздер. Орталық ұжымы атынан Департамент басшылығы мен жеке құрамына үлкен рахмет айтамын. Балалар өздерінің армандарының орындалатынын білгенде қатты қуанды. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын!, – деді Орталық басшысы Николай Қожахметов.

Балаларға көмек көрсету ұзақ уақыттан бері Павлодар облысы тәртіп сақшыларының жақсы дәстүріне айналған. Полицейлер қамқорлық таныту арқылы балаларға қуаныш пен сенім сыйлайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру