Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары Ауған соғысының ардагерлерін құттықтады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Ауған соғысының ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрынғы КСРО мемлекеттері, оның ішінде, қазақстандықтар үшін 15 ақпан – тарихи күн. Себебі, осыдан тура 32 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында Кеңес үкіметінің әскерлері Ауған жерінен шығарылған болатын.

Күні кешеге дейін көпшілік қауым үшін белгісіз болып келген Ауған соғысының жылнамасы отандық жаңа тарихымыздың ең қаралы парақтарының бірі болып қала береді. Күш-жігері мен қуаты мол, интернационализм идеяларын бойына сіңірген, Отан алдындағы борышын адал атқарған және өз болашағына имандай сенген жас ұрпақ осынау үлкен саяси ойынның құрбандығына шалынды.

Қызылордада Ауған соғысы ардагерлерін Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының кеңесшісі Серікбол Тұңғышбай мен Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері құтықтап, жылы лебіздерін жеткізді.

Департамент бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтанның бұйрығымен Отан алдындағы борыштарын адал атқарған 26 ардагер марапатталды.

Сондай-ақ, Ауған соғысының ардагерлері облыстық ардагерлер кеңесі мен ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы атынан алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру