Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр сақшылары балаларға сыйлықтар тарту етті

Қызылордалық полицейлер балаларды қуантты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы  Отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып, оның 3-18 жас аралығындағы 56 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар тарту етті.

- Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай балаларға қолдан келгенше сый-сияпаттар әкелдік. Балалар үйінің ұжымына үлкен рахмет айтамыз. Осы азаматтарды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде тәрбиелеп, қатарға қосатынына менің сенімім кәміл, - деді Басқарма бастығының орынбасары Дінмұхаммед Әбілқасымов.

- Қызылорда қалалық ПБ-ның басшылығына және қызметкерлеріне тәрбиеленушілер атынан алғыс білдіремін. Бала – өмірдің гүлі. Олардың болашақта мақтан тұтардай азамат, өз елінің патриоты болуы біздің қолымызда, - деді балалар ауылының директоры Лиза Скакова.

Мұндай іс-шаралар дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Полицейлер жыл сайын балаларды қуантуға асығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру