Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сыр полицейлері қан тапсырды

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының басшылығы бастаған 100-ден астам полицей донорлық қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсан күні қалалық Полиция басқармасының ғимаратында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Ермек Искаков бастаған 100-ден астам полиция​ қызметкері қан тапсырды.

Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы. Бұл іс-шараны дәстүрге айналдырып,  жыл сайын өткізу жоспарда бар.

Полиция қызметкерлері арасында көптеген тұрақты донорлар бар, олар мұқтаж науқастарға үнемі қан тапсыру міндетім деп санайды. 7 жылдан бері қан тапсырып келе жатқан тұрақты донорлардың бірі – жергілікті полиция бөлімінің аға инспекторы Азат Даулетов.

– Мен жеті жылдан бері донор болып, қан тапсырып келемін. Бір тамшы қан бір адамға өмір сыйлайды. Ендеше барша қызылордалықтарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамын, – деді Азат Даулетов.

– Полиция қызметкерлерінің жұмысы күн сайын қауіп-қатерге толы, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі. Өз елінің адал азаматтары ретінде полиция қызметкерлері дертке душар болған адамдарға тек қана денсаулық тілейді. Полиция қызметкерлері арасында ерікті донорлар саны жыл сайын артып келеді, – деді Полиция басқармасының бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру