Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Табиғатты ластаған павлодарлықтар жазаланды

Табиғатты ластаған Павлодар тұрғындары жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоршаған ортаны қорғау және ластануды болдырмау мақсатында Павлодар өңірінің аумағында экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел-профилактикалық іc-шарасы өтіп жатыр.

– Соңғы уақытта жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар экологиялық мәдениетінің төмендігіне байланысты өз әрекеттерімен Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзуға жол беріп, сол арқылы қоршаған ортаға үлкен зиян келтіретін жағдайлар жиі кездесуде.р Рейд барысында полицейлер абаттандыру ережелерін өрескел бұзу фактісін анықтады. Онда жүк көлігінің жүргізушісі жасыл алқапта құрылыс қалдықтарын сақтауға жол берген, бұл әрекет қолданыстағы заңнамада рұқсат етілмейді. Тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Облыста рейдтік шаралар әлі де жалғасады. Осыған байланысты полиция департаменті қала және оның шет аймақтарында рұқсат етілмеген қоқыс тастаудың алдын алуды еске сала отырып, азаматтарды Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру