Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған павлодарлықтарға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды
Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған павлодарлықтарға 700 мың теңгеден астам айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында балық аулауға тыйым салынды. Бірақ, заңға бағынатын азаматтар арасында заңды бұзатындар да бар.
Балықтардың уылдырық шашу кезеңінде браконьерліктің алдын алу және болдырмау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Балық аулау ережелері негізінде 15 сәуір мен 30 мамыр аралығында облыста «Уылдырық шашу» акциясы өткізіледі. Акция барысында Департаменттің Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 24 рейдтік іс-шара өткізді, нәтижесінде 30 экологиялық заңнаманың бұзылуы анықталды. Төрт резеңке қайық пен 11 қытайлық моно торлар тәркіленді.