Табиғи бал ұрлаған ақтөбелік 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Дүкеннен табиғи бал ұрлаған ақтөбелік үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 наурызда ер адам 12 шағын ауданда орналасқан дүкендердің бірінің сөресінен алты банка табиғи бал ұрлады. 43 жастағы ер адам бірден оқиға орнында ұсталды, өйткені дүкен бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жалпы шығын шамамен 12 мың теңгені құрады, ал тәттіге құштарлығы бар азамат үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.