Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таймерденов: бақылау-өткізу пунктеріндегі жағдай тұрақты

22 наурызда сағат 00.00-ден бастап кіру жүйесіндегі жадынамаға сәйкес 752 автокөлік қалаға кірді, ал 632 көлік құралы қаладан шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

277 адам бақылау-өткізу пункттерімен жаяу жүріп өтті. Өткізуден бас тартылды (кіру / шығу) -12 көлік иелеріне.

 «Жалпы, өткізу пункттерінің жұмысы тұрақтандырылды, қала толығымен жабылды.
Сонымен қатар, жедел штабтың бұйрығына сәйкес, полиция күштерінің қызметкерлерімен 19 наурыздан бастап карантиндік аймақтар- инфекция ошақтары қоршауға алынды. Бүгінгі таңда қалада 10 инфекция ошағы бар. Бұл учаскелерде қоғамдық тәртіпті сақтауға полицияның 72 қызметкері тартылды. Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді. Посттарда және инфекция ошақтарында қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар болған жоқ», – деді, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы полиция Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру