Такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Шымкентте такси жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті
ұсталды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
2020 жылдың 1 ақпанында Абай аудандық полиция бөлімшесі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында такси
жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, бұрын бірнеше
рет сотты болған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғынын ізін суытпай
ұстады.
Жәбірленушінің мәлімдемесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 31 қаңтарынан
1 ақпанына қараған түні тасымалдау кезінде, жолаушы оның мойынына
қауіпсіздік белдігін салып, буындыруды бастаған. Пышаққа ұқсас затпен
қорқытып, барлық құнды заттар мен ақшаны беруді талап еткен. Жүргізушіде
құнды заттар мен ақша болмағандықтан, қаскүнем оқиға орнынан бой
тасалаған.
Аталған жайт бойынша Қылмыстық Кодекстің 192-бабының 1-бөлігі
(қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Айғақты зат тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат
қамауға алынды.