Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талапкер ауылының тұрғыны ауылдасының 3,5 млн теңгесін иемденіп кетті

Талапкер ауылының тұрғыны ауылдасының 3,5 млн теңгесін иемденіп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 тамызында Целиноград ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Талапкер ауылының 36 жастағы тұрғынынан 2020 жылдың тамыз айында бұрын таныс жергілікті тұрғын алдау жолымен 3,5 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденгені туралы өтініш келіп түсті. ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әйел өзінің танысымен дүкен ашып, бірлескен бизнес бастаған. Стартап үшін «бизнес леди» банктен несие алған. Әріптестер арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам бизнесті өзіне қалдырған. Әйел іске жұмсалған қаражатты қайтару үшін полицияға көмек сұрап жүгінген.

Талапкер ауылының 34 жастағы тұрғыны өз кінәсін мойындады. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру