Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полицейлері банкоматтарды бұзған ер адамды ұстады

Талдықорған полицейлері банкоматтарды бұзған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Талдықорған қаласында ақша банкоматтарын бірнеше рет бұзды деген күдікпен 33 жастағы ер адамды ұсталды. Полиция сақшылары күдіктіні сауда үйінің маңында ұстаған, ер адам банкоматты бұзып, қолма-қол ақшамен жасырынуға тырысқан. Күдіктіні ұстауға жеке күзет ұйымының қызметкері жәрдем көрсетті.

Ұсталған адам облыстық орталыққа ұрлық жасау мақсатында арнайы келген Сарқан қаласының тұрғыны болып шықты. Ер адамнан ұрылардың бүкіл арсеналы – арқан, тістеуік, металл кескіш, бетперде және жұмыс қолғаптары тәркіленді. Белгілі болғандай, күдікті қылмыстарына мұқият дайындалып, ену әдістерін, бейнебақылау камераларының болуын және қашу жолдарын зерттеген.

– Қазір күдіктінің Талдықорған қаласында үш ұрлыққа, Сарқан қаласында үш дерекке және Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында бір ұрлыққа қатысы бар-жоғы анықталуда. Алты жағдайда ақша банкоматтарын бұзу тіркелді. Жалпы шығын шамамен 8 млн теңгені құрады, – деп хабарлады қалалық полиция.

Күдікті қамауға алынды. Ер адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру