Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған тұрғынының пәтерін тартып алмақ болған бопсалаушы бас бостандығынан айырылды

Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері азаматтың мүлкін сақтап қалып, аса ірі көлемде қылмыстың жасалуына жол бермеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы бір жыл бойы қаладағы ЖШС-нің бірінде бейресми түрде басшылық қызметін атқарып, бас директордың ауызша тапсырмасымен жұмыстан босатылған. Осыдан кейін ол заңсыз жолмен пайда табу ниетімен бұрынғы жұмыс берушісін бопсалауға кіріскен.

Айыпталушы кәсіпорынның салықтан жалтарғанын дәлелдейді деп мәлімдеген материалдардың бар екенін айтып, оларды жарияламау үшін құрылтайшыдан құны 16 млн 500 мың теңге тұратын пәтерді өз атына рәсімдеуді талап еткен. Ол тіпті нотариат кеңсесі арқылы мүлікті қайта рәсімдеу әрекетін де жасаған.

Полиция қызметкерлерінің жедел және үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдікті дәл осы нотариат кеңсесінде қолға түсті. Осылайша мүлікті заңсыз иелену әрекетінің және аса ірі көлемдегі залалдың алдын алу мүмкін болды.

Сот ер адамды бопсалау фактісі бойынша кінәлі деп танып, 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің және азаматтардың құқығы мен мүлкін қорғаудағы маңызды рөлінің айқын көрінісі болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру