Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда 2024 жылы 47 мыңнан астам хабарлама тіркелді

Талдықорғанда 2024 жылы 47 мыңнан астам хабарлама тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тәртіп сақшыларының жедел әрекетін үйлестіруде маңызды рөл атқарады.

Бұл орталық құқық қорғау органдары инфрақұрылымының ажырамас бөлігі саналады және төтенше жағдайлар, қылмыстық әрекеттер мен өзге де оқиғаларға жедел әрекет етуді қамтамасыз етуге бағытталған.

«102» хабарламаларды қабылдау арнасы бүгінгі күні қала тұрғындары үшін ең қажетті қызметтердің біріне айналды. 2024 жылдың 12 айы ішінде бұл арна арқылы 47 мыңнан астам түрлі сипаттағы хабарлама тіркелді. Сонымен қатар, бейнебақылау камераларының көмегімен 252 қылмыс ашылып, 16 446 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Жедел басқару орталығы соңғы технологиялармен жабдықталған, бұл қызмет көрсету аумағындағы жағдайды тұрақты бақылауға, оқиға орнына жедел топтарды жіберуге және өзге де шұғыл әрекет ету қызметтерімен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Қаланың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Кілем жабыны» жобасы аясында орталыққа 11 мыңнан астам бейнебақылау камерасы қосылған. Сонымен қатар оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйесімен интеграцияланған «Дабыл түймесі» орнатылды. Қалада сондай-ақ «SOS» батырмасы орнатылған 7 орын бар. Осы батырмалар арқылы азаматтардан 3 бейнеөтініш келіп түсті. «SOS» батырмасы арқылы берілген хабарламалар бейнежазбамен қоса, геолокацияны нақты анықтау мүмкіндігін де ұсынады.

Жедел басқару орталықтары – заманауи полиция жұмысының қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі маңызды буын. Бұл құрылым қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жағдайларға шұғыл әрекет етіп, азаматтардың тыныштығын сақтауда шешуші рөл атқарады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру