Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда 23 жастағы қыз аяқ киімге телефон тығып түрмеге өткізбек болды

Алматы облысы бойынша ҚАЖД ЛА-155/16 тергеу абақтысына 23 жастағы қыз аяқ киімге телефон тығып өткізуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының ЛА-155/16 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға 23 жастағы бойжеткен «L8star» маркалы ұялы телефонын және SIM-картасын беруге тырысты.

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті алдын алынды.

Сәлемдемелерді тексеру кезінде тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.

 – Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жиналды, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Ашов.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру