Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда 29 көлік айып тұрағына жіберілді

Іс-шараның екі күнінде айып тұрағына 29 көлік құралы жіберіліп, 19 автокөліктен мемлекеттік тіркеу белгілері алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Барлығы 267 жол қозғалысы ережелеріне қатысты құқық бұзушылық тіркелді. Олардың көбі жаяу жүргіншілермен байланысты – 53 хаттама, жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбауы – 43, маневр жасау ережелерін бұзу -16, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалану – 12 дерек. Мас күйінде автокөлікті жүргізген құқық бұзушылар да табылды, масаң күіде көлік басқарған екі жүргізуші ұсталды. Одан өзге қарсы жолға шыққан үш жүргізушіге хаттама толтырылды. Бағдаршамның тыйым салу сигналын елемеген тоғыз жүргізуші анықталды.


Сонымен қатар, патрульдік полиция қызметкерлері жолда және автобус парктерінде жүргізушілердің ЖҚЕ талаптарын сақтауы мен жол-көлік оқиғаларына жол бермеу турасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру