Талдықорғанда алғашқы кадет сыныбының түлектерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті
Талдықорғанда алғашқы кадет сыныптарының түлектерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясы мен Б. Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің төрт кадет сыныбында 72 оқушы оқиды.
Кадет сыныптары негізгі білім беруді ғана емес, сонымен қатар тұрақты негізде жүргізілетін атыс, саптық дайындық, азаматтық қорғаныс және қоян-қолтық ұрыс техникасы бойынша қосымша сабақтарды ұсынады.
Сонымен қатар қызметтік міндеттерін атқару барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің есімдерін алып жүретін жаңа кадет сыныптарын ашу мәселесі пысықталуда.
Талдықорған қаласында 15 маусымда кадеттерді салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. 39 курсант оқуын сәтті аяқтады. Кадет сыныптарының алғашқы шығарылымы – тәртіпті және патриоттық жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі.