Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда “Баршаға қауіпсіз жол” акциясы өтті

Талдықорғанда “Баршаға қауіпсіз жол” акциясы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Талдықорған қаласының полицейлері “Баршаға қауіпсіз жол” профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Полицейлер қала тұрғындары мен жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау мен жылдамдықты реттеу – әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі екенін еске салды. Әсіресе жаяу жүргіншілер өткеліне жақындағанда жылдамдықты азайту қажеттігіне баса назар аударылды. Бұл – ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

— Жол қателікті кешірмейді, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Олар жүргізушілерді көлік тізгіндегенде барынша мұқият болуға, ал жаяу жүргіншілерді жолдан өтерде сақтық танытуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру