Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда бірнеше қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Талдықорғанда бірнеше қылмыс жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары мен жедел басқару орталығының камераларының тиімді жұмысы нәтижесінде Талдықорған қаласында бұрын сотталмаған 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Жауап алу барысында күдікті бір тонау, бір көлік ұрлау және жеті түрлі ұрлық жасағанын мойындады. Оның жасаған қылмыстарынан келтірілген жалпы шығын екі миллион теңгеден асты.

Тергеу барысында заманауи бейнебақылау технологияларын қолдану шешуші рөл атқарды. Жедел басқару орталығының камералары полицияға күдіктінің қозғалысын бақылауға және оны ұстау үшін қажетті дәлелдер жинауға көмектесті.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Полиция істің барлық мән-жайларын мұқият зерттейді және ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді.

– Бұл жағдай қылмысқа қарсы күресте заманауи технологияларды қолданудың маңыздылығы мен құқық қорғау органдарының үйлестірілген іс-қимылдарының жоғары тиімділігін көрсетеді. Бірнеше қылмыс жасаған тұлға тәртіп сақшыларының жедел әрекеті мен бейнебақылауды пайдаланудың нәтижесінде ұсталды, бұл қылмыскердің жеке басын тез және дәл анықтауға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ бастығы Ернар Ширбаев.

Полиция азаматтарды қырағылыққа шақырады және кез-келген күдікті әрекеттер туралы хабарлау қажеттілігін еске салады, бұл қылмыстың алдын алуға және қоғамды қылмыскерлерден қорғауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру