Талдықорғанда діни әдебиеттерді таратқан тұрғынға айыппұл салынды
Талдықорғанда діни әдебиеттерді таратқан тұрғынға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жетісу облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласында діни әдебиеттерді тарату фактісін анықтады.
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратқаны үшін және “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағын бұзған 31 жастағы жергілікті тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Талдықорған қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2023 жылғы 12 қаңтардағы қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айып тағылған құқық бұзушы кінәлі деп танылды. Оған үш ай мерзімге қызметін тоқтата тұрып, 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.