Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда екі жүргізуші масаң күйде ұсталды

Талдықорғанда бір түн ішінде полицейлер алкогольдік масаң күйде автокөлік тізгіндеген екі жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі құқық бұзушы да мұндай заңсыздыққа алғаш рет жол берген. Олардың көліктері айыптұраққа қойылып, ал жүргізушілер 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Жетісу облысының полициясы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Құрметті жүргізушілер! Есіңізде болсын: масаң күйде көлік жүргізу – өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне де үлкен қауіп төндіреді. Жолдағы тәртіп пен тыныштықты сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру