Талдықорғанда есірткі жасырушы «синтетиканың» ірі мөлшерімен ұсталды
Талдықорғанда есірткі жасырушы «синтетиканың» ірі мөлшерімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорғанда облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері арнайы операция барысында қала тұрғынынан мефедронның ірі партиясын тәркіледі.
Күдікті облыстық полицияға жақында түскен жедел ақпарат негізінде тексерілді. Оны жүзеге асыру барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ер адам қала шетіндегі жеке меншік секторлардың бірінде синтетикалық есірткіні бірнеше жерге жасырын тығып жатқанда ұсталды.
Жеке тінту кезінде ұсталған азаматтан дайын 17 бума мефедрон тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 13,19 грамды құрады.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияда тәркіленген есірткі затының синтетикалық туындысын растайтын сараптама қорытындысы бар.