Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан жасөспірім сотталды

Талдықорғанда есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан жасөспірім сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысында жасөспірім тез табыс табуды көздеп, Telegram арнаға кірген. Сол жерде оған белгісіз жұмыс беруші психотроптық заттарды жасырын қойып кетуші болуды ұсынған. Салдары ауыр боларын біле тұра, ол заңсыз табысқа келісе отырып, Telegram арна әкімшісінің нұсқауымен әрекет еткен.

Ол Талдықорғанда 100 орам мефедрон алып, олардың бесеуін қала көшелеріне жасырып үлгерген. Алайда полиция қызметкерлері оның әрекетін дер кезінде тоқтатып, іс сотқа жолданды.

Сот шешімімен кәмелетке толмаған азаматқа — кәмелетке толмағандарға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Полиция жеңіл табысқа алданып қалмауды ескертеді. Айналаңыздағы жақындарыңызға да есірткінің зиянын түсіндіріп, дұрыс бағытқа бағыттауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру