Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда ІІМ-нің 25 ардагеріне көмек көрсетілді

Талдықорғанда ІІМ-нің 25 ардагеріне көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласы Полиция басқармасының Ардагерлер кеңесі Қалалық әкімдік өкілдерімен бірлесіп жаңа жылдың алғашқы күндерінде ІІО ардагерлеріне азық-түлік себеттерін жеткізді.

Талдықорған қалалық ПБ Ардагерлер кеңесі жаңа жылдық мереке алдында ІІМ ардагерлеріне көмек көрсету туралы қолдаухат жазған болатын. Қала әкімінің нұсқауы бойынша 25 азық-түлік себеті жинақталып, оған азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі құралдар кірді.

Талдықорған қаласының ПБ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қартқожин Есімхан Есентайұлы және «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әділет Рымтаев ерікті ардагерлер және қалалық әкімдік өкілдерімен бірге демалыс күні, өзінің бүкіл саналы ғұмырын заң жолына арнаған және азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғаған 25 зейнеткерге барып қайтты. Азық-түлік себеттері барлық карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып тапсырылды. ІІМ зейнеткерлері естелік суретке түсіп, барлық ұйымдастырушыларға көңіл бөліп, көмек көрсеткендері үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру