Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізген ер адам ұсталды
Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Талдықорғанда полиция қызметкерлері MERCEDES-Benz 140 автокөлігінің жүргізушісін ұстады.
Мән-жайларды тексеру барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан.
– Ер адамның бұрын мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу дерегі, оның жағдайын қиындатты, – деп атап өтті Талдықорған ҚПБ анықтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дидар Базарбаев.
Қайталанған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізуші дереу ұсталып, қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге ескертеді: мас күйінде көлік жүргізу арқылы сіз өз өміріңізге ғана емес, айналаңыздағы адамдардың өміріне де қауіп төндіресіз. Әрекеттеріңіз үшін жауапкершілік – қауіпсіз жол қозғалысының негізі. Бұл ережені елемеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және басқа жол қозғалысына қатысушыларды қорғаңыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.