Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда оқушылар әлем кубогының чемпионы атанған полиция қызметкерімен кездесті

Талдықорғанда оқушылар әлем кубогының чемпионы атанған полиция қызметкерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласындағы №28 IT мектеп-лицейінде полиция қызметкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 2024 жылғы әлем кубогының чемпионы Даурен Ауданбаевпен оқушылардың патриоттық кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында заңға құрметті қалыптастыру, спортты насихаттау және отансүйгіштік рухты тәрбиелеу.

Кездесу барысында Даурен Ауданбаев мектеп оқушыларына ішкі істер органдарындағы қызметі мен спорттағы жетістіктері туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, тәртіп, жауапкершілік және жеңіске деген ұмтылыс спортта да, қоғам игілігі үшін атқарылатын қызметте де бірдей маңызды.

Сонымен қатар кездесуде спорттың мықты мінез бен азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерінің сөзінше, спортпен шұғылдану жастардың ерік-жігерін нығайтып, төзімділік пен өз елі алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Мектеп оқушылары кездесуге белсенді қатысып, жаттығу процесі, халықаралық жарыстар және полиция қызметін кәсіби спортпен қалай ұштастыратыны жөнінде сұрақтар қойды.

— Спорт адамды шыңдап, кез келген қиындыққа қарамастан мақсатқа жетуге үйретеді. Ал полициядағы қызмет — қоғам мен Отан алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан жастар салауатты өмір салтын таңдап, заңды құрметтеп, өз еліне пайда әкелуге ұмтылуы тиіс, — деп атап өтті Даурен Ауданбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру