Талдықорғанда полицейлер арасында футболдан турнир өтті
Талдықорғанда полицейлер арасында футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талдықорған қаласындағы "Динамо" дене шынықтыру спорт қоғамында полицияның жеке құрамы арасында Спорт күніне арналған спорттық шара өтті. Басты оқиға – Жетісу облысы полиция департаментінің түрлі бөлімшелері қатысқан футбол турнирі болды.
Сайыстың ресми ашылуын Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Мадияр Омаров жүргізіп, спорттың құқық қорғау органдары қызметкерлерінің даярлығында маңызды рөл атқаратынын, тәртіпті нығайтып, командалық рухты көтеретінін және жақсы физикалық форманы сақтауға ықпал ететінін атап өтті.
Жарыс нәтижесінде: 1-орынды – жеке құраммен жұмыс басқармасы, 2-орынды – әкімшілік полиция басқармасы, 3-орынды – арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасы иеленді.
Шара достық және бәсекелестік рухында өтіп, қатысушылар мен жанкүйерлерге жарқын әсер қалдырды.