Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді

Талдықорғанда полицейлер есірткі сақтаған күдіктіні қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 47 жастағы жергілікті тұрғынды есірткі заттарын сақтады деген күдікпен ұстады. Талдықорғандағы тұрғын үйге жүргізілген санкциясыз тінту кезінде ас бөлмесіндегі креслоның астынан ішінде 9 пакет пен 3 бумаға салынған кептірілген марихуана табылды.

Сонымен қатар ас үй сөрелерінде артынан есірткі қолдануға арналған құрылғы анықталды. Медициналық куәландыру күдіктінің психостимуляторларды қолданғанын растады. Қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға, өз денсаулығы мен жақындарының амандығын қорғауға шақырады.

https://youtu.be/-4hlkedeDFs

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру