Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер есірткіні насихаттайтын граффити жазбаларын жойды

Талдықорғанда полицейлер есірткіні насихаттайтын граффити жазбаларын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда есірткіні жасырын насихаттайтын наркограффитиді бояп өшіруге арналған ауқымды профилактикалық іс-шара өтті. Акцияны Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңеспен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырды.

Наркограффити — бұл жай ғана қабырғалардағы жазулар емес. Оның артында тыйым салынған заттарды тарату арналары, жастарды қылмыстық ортаға тарту және адам тағдырларының күйреуі тұр. Сондықтан оған қарсы күрес — тек полицияның міндеті ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.

Іс-шара барысында ондаған ғимараттың қасбеті, қоршаулар мен подъездер заңсыз жазулардан тазартылды. Еріктілер, полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері иық тірестіре еңбек етіп, елдің болашағына қауіп төндіретін қатерлерге тек бірлесе қарсы тұруға болатынын көрсетті.

Осы орайда бұған дейін Талдықорғанда есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз жарнамасын таратты деген күдікпен екі ер адамның ұсталғанын еске салған жөн. Ұсталғандар — жасы 36 және 40-тағы жергілікті тұрғындар — жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталып, құрықталды.

Сонымен қатар жыл басынан бері Жетісу облысы аумағында 100-ден астам наркограффити өшірілді. Бұл профилактикалық жұмыстың жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және құқық қорғау органдарының есірткі қатеріне қарсы күрестегі принципті ұстанымын айқын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру