Талдықорғанда полицейлер мен дәрігерлер оқушыларға есірткінің зияны туралы айтты
Талдықорғанда полицейлер мен дәрігерлер оқушыларға есірткінің зияны туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2024 жылғы 10 қыркүйекте облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Талдықорған қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметімен және облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологымен бірлесіп, оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу және есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары бойынша кездесу өткізді. Іс-шара Талдықорған қаласы Еркін ауылы КММ-де №11 Е.Берліқожаұлы атындағы орта мектебінд өтті. Іс-шара аясында оқушыларға есірткі заттарын қолданумен байланысты қауіптерді түсіндіруге бағытталған есірткіге қарсы тақырыптағы бейнероликтер көрсетілді.
Әңгімеге 70 оқушы қатысты, олар құқық қорғау органдарының өкілдері мен нарколог-дәрігерді қызығушылықпен тыңдады. Кездесудің негізгі тақырыбы – нашақорлықтың алдын алу және жастардың дұрыс өмірлік басымдықтарын қалыптастыру болды. Есірткінің заңсыз айналымына қатысқан жағдайда туындауы мүмкін құқықтық салдарлар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
– Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық проблема. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алудың тиімді әдістерінің бірі-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Біз жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, – деп атап өтті өз сөзінде ПД ЕҚҚІҚБ-ның аға жедел қызметкері Меруерт Ысқақова.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын белсенді түрде қойып, көрген бейнематериалдарын талқылап, естігендері туралы өз ойларымен бөлісті.